Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам дәл сүйіктісінің туған күнінде үйлену тойларын жасап, қалыңдығын таңғалдырды

Опубликовано:

Уэльсте ер адам сүйіктісінен жасырып, 80 адамға арналған тойды дәл қалыңдықтың туған күнінде ұйымдастырған. Келіншек үйлену тойының боларын салтанатты шараның дәл алдында білген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BigPicture.ru-ға сілтеме жасап.

ер адам
Фото: bigpicture.ru: Facebook

38 жастағы Дэйв Гриффин сүйіктісі Софиге тосын сый жасау үшін қалыңдықтың анасы мен құрбыларынан көмек сұраған. Дэйв қалыңдық көйлегін, салтанатты кеш болатын орынды өзі таңдап, ақ түсті "Бентли" көлігін жалдаған.

ер адам
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Дэйв тойдың әрбір деталіне дейін жоспарлаған. Салтанатты кештің мінсіз өтуі үшін күйеу жігіт WhatsApp-тан топ ашып, онда барлық достары мен туыстарын қосыпты. Сол жерде Софидің туған күніне той жасамақ ниетте екенін айтқан.

Софи жігітінің жоспарынан бейхабар болыпты. Тіпті Дэйвтің үйде жиі болмайтынына ашуланып, тойы мен туған күнінің алдында ұрсысып қалған.

ер адам
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Жас жұбайлар үшін бақытты күннен бір күн бұрын ер адам түнгі ауысымға барамын деп үйінен шығып кетіпті. Содан соң, артынша Софидің анасы мен құрбылары және той фотографы келіп, оған ақ көйлек салынған қорапты берген. Қораптың ішінен Дэйвтің жазған хатын көрген ол сағат 13.00-де тұрмысқа шығатынын біліпті.

ер адам
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Айта кетсек, ерлі-зайыптылар 2011 жылдың қазан айында танысқан. Бірнеше айдан соң олар бірге тұра бастапты. 2012 жылы ғашықтардың Эван есімді ұлы дүниге келген. Осыған қарамастан олар үйлену тойларын жасамапты.

ер адам
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та екі бойжеткен бір жігітке тұрмысқа шығып, көпшілікті таңғалдырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840791-er-adam-dl-sjiktisini-tugan-kninde-jlenu-tojlaryn-zasap-kalydygyn-tagaldyrdy/

pixel