RU
Сиви Махмудидің төртінші мәрте ана атанатыны рас па (видео)

Сиви Махмудидің төртінші мәрте ана атанатыны рас па (видео)

Рассказать Вконтакте

Желі қолданушылары отандық танымал әнші Сиви Махмудидің төртінші сәбиін күтіп жүргенін болжауда. Оқырмандардың мұндай ойына өнер иесінің жариялаған cоңғы видеоларының бірі себеп болған. Көпшілік бейнежазбаға сүйене отырып, үш баласы бар әртістің аяғы ауыр деп топшылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрю Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадрю Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сиви Махмуди Instagram парақшасында көзден сақтану әдістерін паш еткен видеосын жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Желідегілер әншінің ерекше тәсілдерін ғана емес, оның дене пішінінің өзгерісіне қатысты жарыса пікір білдірген.

Көпшілік кең киім киіп алған өнер иесінің төртінші сәбиіне аяғы ауыр деп болжаған. Олар аталмыш видеоның астында үш баласы бар әртісті сұрақтың астына алған. Әншіге жолданған сауалдардың жартысынан көбісі оның жүктілігіне қатысты қойылған.

"Аяғыңыз ауыр ма?" , "Жүкті сияқты" , "Іші шығып қалған секілді, толыпты" , "Төртіншісіне екіқабат қой деймін", "Бақытты болыңыз", "Сиви төртінші балаға қадам бастыңыз ба?" , "Құтты болсын" , - деп жазуда халық.

Алайда, желідегілердің болжамына қарамастан, Сиви бұл ақпаратты әлі де не растаған жоқ, не теріске шығарған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди хан сарайындай үш қабатты үйін көрсеткен болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel