Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда эвакуация кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашық кездесе алмай жүр

Опубликовано:

Ресейлік Даниил Парфенович пен Инна Савинцева 18 жаста. Олар Уханьдағы әуежайда Ресей азаматтарын Қытайдан эвакуациялау кезінде танысып, бірін-бірі ұнатып қалған. Алайда коронавирустың салдарынан кездесе алмай жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Қытайда адамдарды эвакуациялау кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашық кездесе алмай жүр
Фото: vk.com/ray_zum, instagram.com/saymealien: UGC

Ұйымдастырушылар елге оралатындардың тізімді оқып, Даниил мен Иннаның есімдерін қатарынан атаған. Бір-бірін көрген жастар ұшақта бірге отырып, ұзақ әңгіме өрбіткен. Қос-ғашық тіпті, Ресейге қалайша тез жеткендерін мүлде аңғармай қалыпты.

Алайда елге оралған олардың екі жаққа ажырауына тура келген. Оған себеп - карантин. Қазіргі таңда Инна мен Даниил Түменде уақытша ұстау пунктінде бақылауда, олар бірін-бірі көре алмайды, алайда бұл мәселе қос ғашықтың сезіміне еш әсер етпейді екен.

Қытайда адамдарды эвакуациялау кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашық кездесе алмай жүр
Фото: vk.com/ray_zum: UGC
"Біз екеуімізді бір нөмірге орналастыруы үшін азаматтық некеде екенімізді айтып көруге шешім қабылдадық. Дегенмен, ол жерде адамдар қобалжып, ашуға булықты. Орынға бола дау туып жатты. Осылайша екеуімізді екі түрлі нөмірге орналастырды. Ешкімге ешкіммен араласуға болмайды. Әрине, режимді бұзуға болады, бұл түрме емес қой, алайда ондай жағдайда, бірден ұстау уақыты ұзартылады", - дейді Даниил.
Қытайда адамдарды эвакуациялау кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашық кездесе алмай жүр
Фото: vk.com/ray_zum: UGC

Десе де қос ғашық әлеуметтік желілер арқылы сөйлесіп тұрады. Олар бір-бірін қолдап, болашаққа деген жоспар құра бастады. Даниил мектепті тәмамдағаннан кейін Қытайға "кәсіп" бағыты бойынша білім алуға келген екен. Ал Инна ол жерде музыкалық редактор болып жұмыс істеген.

Даниилдің сөзінше, Инна оның өмір бойы іздеген махаббаты. Ғашықтар бір-бірімен тезірек көрісіп, сөйлесуді армандап жүр. Тек ол үшін карантиннің аяқталуын күту қалды. Содан кейін Инна мен Даниил Ресейде қалып, БАҚ саласында өз күшін сынап көрмек.

Қытайда адамдарды эвакуациялау кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашық кездесе алмай жүр
Фото: vk.com/ray_zum: UGC
"Инна — менің ойымдағы қыз, оны өмір бойы армандағанмын. Сүйіктімді дәл солай елестеткенмін. Тағдыр бізді осындай ерекше тәсілмен қосты. Бұл кездесу өмірімізді өзгертетіні анық. Бұл жай ғана сөз емес, болашағымызға қатысты кейбір нәрселерді шешіп қойдық", - дейді Даниил.
Қытайда адамдарды эвакуациялау кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашық кездесе алмай жүр
Фото: vk.com/ray_zum: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирус тараған Қытайдың қазіргі келбетін көрсеткен едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840802-kytajda-adamdardy-evakuacialau-kezinde-bir-birin-natyp-kalgan-kos-gasyk-kezdese-almaj-zr/

pixel