Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қытайдан тағы 211 адамды эвакуациялады (видео)

Опубликовано:

Қазақстан билігі коронавирус жайлаған Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда. Бүгін оңтүстік астанаға бортында 211 жолаушысы бар ұшақ келіп қонған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Қытайдан тағы 211 адамды Алматыға эвакуациялады (видео)
Видеодан кадр: Facebook

Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісінде хабарлауынша, Бейжіңнен Алматыға ұшып келген ұшақта 171 қазақстандық және 40 Қырғызстан азаматы болған.

Қазір аспан асты елінен келген қазақстандықтар оңтүстік астанадағы ауруханада. Олар коронавирусқа қарсы тексеруден өтеді. Ал рейсте болған Қырғызстан азаматтары Бішкекке жеткізілген.

Қытайдан келген біздің азаматтар үш күн бойы ауруханада болып, толық тексеруден өтуі керек. Сондай-ақ сараптама қортыныдысын күтулері қажет.

Ведомствоның хабарлауыша, егер келгендерден ауру белгілері анықталса, онда станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін. Алайда қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Ешқайсысының дене қызуы жоқ.

Айта кетсек, 11 ақпанда 217 қазақстандықтың Қытайдан эвакуацияланғаны хабарланған. Сол кезде Елжан Біртанов елге оралғандардың бәрі 14 күн бойы карантинде болатынын айтты.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 342 Қазақстан азаматы ҚХР аумағынан шығудан бас тартқанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1840804-kazakstan-kytajdan-tagy-211-adamdy-evakuacialady-video/

pixel