RU

Метрода қоқым үшін төбелескен тышқандардың суреті үздік деп танылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Лондондық жаратылыстану музейінің LUMIX People's Choice Award байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл марапатқа метрода тышқандардың төбелесін суретке түсіріп алған британиялық Сэм Роули ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ УНИАН ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Стансадағы ұрыс". Фото: Сэм Роули

"Стансадағы ұрыс". Фото: Сэм Роули

Сэм Роули "Бекеттегі жанжал" суреті үшін көрермендер нұсқасы бойынша жабайы табиғаттың үздік фотографы атағын иеленген.

PetaPixel мәліметінше, Роули жақсы кадр табу үшін бір апта бойы әртүрлі метро стансаларында бірнеше сағаттап уақыт өткізген.

"Бұл сурет қаланың ең қарапайым жерлерінде күтпеген драманы көруге болатынын аңғартады деп үміттенемін", – дейді фотограф.

Ұйымдастырушылар аталған байқауға 100 елден жіберілген 48 мың өтінімің ішінен 25 үздік суретті іріктеп алған.

Еске сала кетейік, таяуда әйгілі "Оскар-2020" жүлдесін табыстау рәсімі өтті.

Биыл ең басты сыйлықты "Паразиты" фильмі иеленді.

Ал аталған картинаның режиссері Пон Чжун Хо жылдың ең үздік режиссері атанды.

Сонымен қатар жылдың ең үздік актері атағы режиссер Тодд Филлипстің "Джокер" фильмінде басты рөлді сомдаған Хоакин Феникске бұйырса, ең үздік актриса атағын "Джуди" картинасындағы рөлі үшін Рене Зеллвегер алды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Метрода қоқым үшін төбелескен тышқандардың суреті үздік деп танылды (фото)
Mailfire view pixel