RU

Тоқаев жаһандық форумға қатысу үшін Германияға барады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады.
Сапар бағдарламасы бойынша президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.
Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады", - деді ол.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы қаңтар айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев жаһандық форумға қатысу үшін Германияға барады
Mailfire view pixel