RU
Түркістан облысында әкім орынбасары 500 мың теңге пара алды деп күдіктелді

Түркістан облысында әкім орынбасары 500 мың теңге пара алды деп күдіктелді

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысындағы қала әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жұмысының басталғанын хабарлады. Шенеунік жарты миллионнан астам қаражатты заңсыз алды деп күдіктелуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында әкім орынбасары 500 мың теңге пара алды деп күдіктелуде

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Тергеу Жетісай әкімі орынбасарын сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті деп танып отыр.

Болжам бойынша, ол әлдеқандай компаниядан 500 мың теңге алған. Бұл сома кәсіп бастау үшін жер беруге мақұлданған ақшаның тек жартысы.

Шенеуніктің ұсталғаны немесе қамауда жүргені белгісіз. Тергеу өз жұмысын жалғастыруда.

Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Сондай-ақ, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордадағы Байқоңыр ауданының басшысы пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, ол пара ретінде соңғы үлідегі iРhone ұялы телефонын алды деп күдіктелген.

Кейінірек жалған актілер туралы да белгілі болды. Шенеунік оларға қол қойған деген күдікке ілінген.

Есілов ұсталған жоқ, себебі ол бар кәнісін мойындап, өкінетінін білдірген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel