RU

Қордай ауданында өртенген сауда үйінен бір адамның денесі табылды

Жақында ғана жаппай тәртіпсіздік орын алған Масанчи ауылында сауда орталығының қираған ғимаратынан бір адамның күйген денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қалдық
Фото: primeminister.kz: UGC

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

Құлшымановтың сөзінше, адам қалдықтары екі күн бұрын, сейсенбі күні өртенген ғимаратты тазарту жұмыстары барысында табылған.

Марқұмның кім екенін сараптама анықтайтын болады. Қазір жеде-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Осылайша, өткен аптада Қордай ауданында болған жанжалдың салдарынан қаза болғандар саны 11 адамға жетті.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840841-kordaj-audanynda-rtengen-sauda-jinen-bir-adamny-denesi-tabyldy.html