RU

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Telegram logo VKontakte logo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: Facebook

Ұлттық банк төрағасы президентке биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдап, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Ведомство басшысы Тоқаевқа "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады.  

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады