RU

Қытайдан келген бойжеткен карантиннен қашып шығып, басы дауға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Санкт-Петербургтегі Боткинск ауруханасынан қашып шыққан науқас сотқа берілді. Алла Ильина есімді бойжеткен ол жерге 30 қаңтар күні Қытайдан оралғаннан кейін жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Қытайдан келген бойжеткен карантиннен қашып шығып, басы дауға қалды

Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайдан оралған бойжеткен тамағы ауырғандықтан дәрігердің көмегіне жүгінген. Науқастың сөзінше, ақ халаттылар оған "сараптама тапсыру үшін бір күн ауруханада жатып тұру" керек екенін айтқан.

Дегенмен содан кейін аруды күштеп медициналық мекемеде қалдыруға тарасыпты. Медицналық қызметкерлер оның палатасындағы есікті магниттің құлыппен жауыпты деп жазады lenta.ru.

Дәрігерлер Аллаға қалам мен парақ беріп, ауруханада жатудан бас тарту туралы өтініш жазуын сұраған кезде бойжеткен мекемеден қашып кеткен. Ол өзінің электромагниттік құлпының сымдарын үзіп, палата есігін ашып, сыртқа шықғыпты.

Енді Санкт-Петербургтің бас санитар дәрігері Алланы сотқа бермек.

Еске сала кетсек, күні кеше қауіпті вирустан 1016 адамның көз жұмғаны хабарланған. Сондай-ақ, қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 42,5 мыңнан асқан болатын.

Ал Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан бір тәулікте 200 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайдан келген бойжеткен карантиннен қашып шығып, басы дауға қалды
Mailfire view pixel