RU
Пара туралы хабар берген қазақстандықтар 99 млн теңге сыйақы алды

Пара туралы хабар берген қазақстандықтар 99 млн теңге сыйақы алды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері брифинг барысында елдегі жемқорлық фактілері туралы хабар берген қазақстандықтардың қанша сыйақы алғандарын айтып берді – үш жыл ішінде бұл сома 100 миллион теңгеге жуықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің ынталандыру жүйесіне сәйкес, азаматтарға пара, жымқыру және басқа да жемқорлық әрекеттерге қатысты ақпарат бергені үшін белгілі бір сомада сыйақы қарастырылған. Бұл сома сот жемқорды кінәлі деп танығаннан кейін беріледі.

Үш жыл ішінде бұндай сыйақылар 700-ден астам қазақстандыққа берілген. Жалпы, оларға 99 миллион теңге төленді. Жемқорлыққа қатысты ақпарат берушілердің басым бөлігі – еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындары.

15 ақпаннан бастап Қазақстанда аталған сыйақыны беру тәртібіне енгізілген түзетулер заңды күшіне енеді. Соған сәйкес, енді жемқорлық туралы хабар бергендерге, қылмыстық әрекеттен келтірілген залал 1000 АЕК-тен (2,6 млн теңге) төмен болса, 30-100 АЕК көлемінде сыйақы төленеді.

Ал егер келтірілген залал 1000 АЕК-тен асса, жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған қазақстандыққа аталған соманың 10 пайызы беріледі. Алайда, сыйақы мөлшері 10,6 миллион теңгеден аспайды (4000 АЕК).

Ведомствоның ақпарынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс туралы барлық хабарларды тексереді – әрбір мәлімет бойынша жұмыс жүргізіледі.

Пара, ақша жымқыру және басқа да жемқорлыққа қатысты қылмыстар жөнінде 1424 нөміріне хабар беруге болады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жыл бойынша Қазақстандағы ең жемқор бес министрлікті атады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel