RU

Бір уақытта үш бірдей пластикалық ота жасатқан әйел көз жұмды

Telegram logo VKontakte logo

34 жастағы Лейди Йохана Эррера бір уақытта жасалған үш пластикалық отаның кесірінен көз жұмды. Белгілі болғандай оның келбетін өзгертпек болған дәрігерлердің білімі жоқ болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Бір уақытта үш пластикалық ота жасатқан әйел көз жұмды

Фото: Facebook: UGC

Марқұм бразилиялық Копакабан қаласынан Меделлин қаласына ота жасату үшін арнайы барған. Ол бір мезетте кеудесін үлкейтіп, бразилиялық бөксе мен липосакция жасатып, мүлде өзге адам болып оянуды жоспарлапты.

Лейди отадан кейін көзін ашып, күйеуімен бірге клиникадан кеткен, алайда бірден өзге аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліпті. Ол жерде дәрігерлер көп қан жоғалтқан келіншектің өмірін сақтап ала алмапты.

Жергілікті дәрігер әрі саясаткер Бернардо Герраның сөзінше, хирургиялық ота жасаған дәрігерлердің төменгі біліктілігі әйелдің өліміне әкеп соққан.

Эррера — елімізде соңғы қырық күнде тәжірибесіз дәрігерлердің қолынан қаза тапқан бесінші әйел", - деді ол.

Дәрігер Лейдиге ота жасағандардың толық медициналық білімі жоқ екенін, олардың жай ғана Бразилияда пластика бойынша курс оқығанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов аса қымбат пластикалық ота жасатып, елдің сынына ұшыраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бір уақытта үш бірдей пластикалық ота жасатқан әйел көз жұмды