RU
Бүркіттің ұлы Балиде ауруханаға түсіп қалды

Бүркіттің ұлы Балиде ауруханаға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Айбек Жансейітовтің ұлы Балиде ауруханаға түсіп қалды. Бұл жайында әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ berkut_qazaqstan

Фото: Instagram/ berkut_qazaqstan

Жанұясымен демалып жүрген Бүркіт басынан өткен жағдайды оқырмандарына баяндап берді.

"Бүгін мынадай жағдай болды. Зейін суға секіремін деп құлап, бетін тасқа тіліп алды. Ауруханаға жөнелдік. Қанды тоқтатып, шетелдік дәрігерлер қазір тігеміз деді. Жарайды. Сол жерде баламның қолын ұстап отырып, басым айнала бастады. Көзімнің алдын қара басып, есімді жоғалта бастадым.
Негізі қаннан қорықпаушы едім. Содан дәрігерлер жүгіріп, мені жатқызып, барлық электро-тоқтарын қоса жүгірді. Біреулері көкірегімнен шымши бастады. Дем арасында үстімнің бәрі су болып кетті. Кислород берді. Қысқасы, 30 минуттан соң есімді жидым. Тұрсам, баламның бетіндегі тілікті тігіп тастапты", -деп баяндады әнші.

Бір сәтте өмірдің мәнін ұғындым деген Айбек Жансейітов қазақ халқына амандық тіледі.

Айта кетейік, желі қолданушылары отандық танымал әнші Сиви Махмудидің төртінші сәбиін күтіп жүргенін болжауда. Оқырмандардың мұндай ойына өнер иесінің жариялаған cоңғы видеоларының бірі себеп болған. Көпшілік бейнежазбаға сүйене отырып, үш баласы бар әртістің аяғы ауыр деп топшылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel