RU
Алматыда әскери институт курсанты оқу орны аумағында қаза тапты

Алматыда әскери институт курсанты оқу орны аумағында қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтын курсантының денесі оқу орнынының аумағынан табылған деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ааааа

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Басылымның жазуынша, ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы ашылмаған.

Алайда сенімді дереккөздердің мәліметінше, осы институттың екі курсанты екінші курста оқыған 19 жастағы жігіттің денесін институт аумағында асылып тұрған жерінен тауып алыпты.

Оқиға 2019 жылдың 23 желтоқсанда болған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қордай ауданындағы Масанчи ауылында сауда орталығының қираған ғимаратынан бір адамның күйген денесі табылғаны туралы жазған едік.

Марқұмның кім екенін сараптама анықтайтын болады. Қазір жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel