RU
Саят Медеуов өзінің әнін Бесбаевқа беріп жіберген сазгер туралы жайып салды

Саят Медеуов өзінің әнін Бесбаевқа беріп жіберген сазгер туралы жайып салды

Рассказать Вконтакте

Әнші Саят Медеуов қалың тыңдарман біле бермейтін құпиямен бөлісті. Белгілі болғандай, Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Өмір өтті зырғып ағып» атты туындыны әу баста Саят мырза орындауы керек болған. Алайда, композитордың әнді басқаға беріп жібергені салдарынан аталған ән елге Бесбаевтың орындауында танылды. Бұл туралы Алматы арнасындағы «Таңғы студио» бағдарламасында мәлім болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ааааа

Саят Медеуов. Фото: видеодан алынған, коллаж: NUR.KZ

«Марқұм Есенқұл Жақыпбеков ұлы адам еді. Бірде мені шақырып алып: «Шалдың баласы, тыңдашы мына өлеңімді» деп өз туындысын оқып берді. Маған қатты ұнады.

Екеуміз келісіп, мен өлеңге ән жаздыратын болдым. Өлеңге ән жазуды композитор Бағлан Омаров ағамызға тапсырған едік.

Бір күні екеуміз әнді толық жазып біттік. Маған қатты ұнады. Бірақ сол кезде Жұбаныш Жексенұлы Бағлан ағамызбен бірге жұмыс істейтін. Қазіргі тілмей айтсақ, Жұбаныш Бағлан Омаровтың жобаларының бірі.

Кейін ағамыз бұл әнді маған айтпай, Жұбанышқа беріп жіберіпті. Мұны Маловодный ауылынан келе жатқанда Сәбит Әбдіхалықовтан естіп, қатты ренжідім. Тіпті, екі жылдай уақыт Бағлан Омаровпен араласпай кеттім», - дейді Саят Медеуов.

Алайда, Жұбаныш Жексенұлы композитор Бағлан Омаровпен жұмысты тоқтатқан соң, аталған туынды Мейрамбек Бесбаевтың қолына түседі.

«Әнді Мейрамбек орындаған соң менің барлық өкпе-ренішім тарқады. Ән иесін тапқан екен. Ән мен әнші бір-бірін тапты. Осыдан соң барлығы да артта қалды», - дейді әнші.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel