Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы оқиға: Тоқаев кез келген арандату әрекеттерінің жолын кесуді тапсырды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ввввв
Фото: Ақорда: Facebook

Ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Ұлттық банк төрағасы президентке биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840906-kordajdagy-okiga-tokaev-kez-kelgen-arandatu-reketterini-zolyn-kesudi-tapsyrdy/

pixel