RU

Қазақстанның бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

14 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%. Қостанай облысының кей жерлерінде 14 ақпанда жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.

Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде секундына 18 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Орал қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының бірқатар аумағында көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 жылдамдықпен жел соғады.

Айта кетейік, осыған дейін синоптиктер 11 және 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанда аяз күтілуде. Бірқатар өңірде ауа температурасы, тіпті, 25-33 градусқа дейін төмендейді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840907-kazakstanny-birkatar-aumagynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy.html