Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорғас" орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды

Опубликовано:

ҚХР аумағында тараған жаңа короновирусқа байланысты "Қорғас" орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды. Қытайдың тауары саудаланатын жер енді ақпанның соңына дейін істемейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: mcps-khorgos.kz
mcps-khorgos.kz: Depositphotos

Айта кетейік, бұған дейін "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылғаны белгілі болған.

Осы жайтқа байланысты енді уақыт мерзімі ақпанның соңына дейін ұзартылды.

Ал бұл уақыт аралығында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес "Қорғас" ХШЫО-ның ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Әкімпің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің мәліметінше, ол жерде біраз проблемалар бар. Тұрғындардың айтуынша, халықтың көптігі салдарынан, кептеліс туындап, түрлі қиындықтарға тап болатын көрінеді.

Сондықтан қазір "Қорғас" орталығының жаңа басшысының алдында өткелді жаңғырту тапсырмасы тұр екен.

Еске сала кетейік, коронавирустың алдын алу мақсатында еліміз Қытаймен 29 қаңтардан бастап жолаушылар автобусының тасымалын, 1 ақпаннан бастап жолаушылар пойыздарының бағдарын, 3 ақпаннан бастап әуе қатынасын тоқтатты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840914-korgas-ortalygyn-zabu-merzimi-tagy-da-zartyldy/

pixel