Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тас жолында бірден 8 көлік соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тас жолында ірі жол апат болды. Көктайғақ пен боранның салдарынан бірден 8 көлік соқтығысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орынан кдар видеодан алынды
Оқиға орынан кдар видеодан алынды: UGC

Қарағандыдан астанаға шығатын жолдар түс ауа жабылған. Дегенмен оған дейін жолға шығып кеткен көліктер ақтүтек пен көктайғақта тізгінге ие бола алмаған.

Боранда жүре алмай жолда тоқтаған жүк көлігіне артта келе жатқандары соқтығыса беріпті. Соның салдарынан 8 көлікке зақым келіп, екі адам түрлі жарақат алған.

Бірі дәрігер қарағаннан кейін жіберілсе, екіншісі Осакаров аудандық ауруханасына жатқызылды. Апат орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік бұған дейін осыған ұқсас жағдай Алматыда тіркелген болатын. Яғни оңтүстік астанада бір мезетте сегіз көлік соқтығысып, жаппай жол апаты болған еді.

Болжам бойынша жол-көлік оқиғасына өзін рөлде жайсыз сезінген жүргізуші себеп болған көрінеді.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан "Самара - Шымкент" тас жолында 11 көліктің соқтығысқаны хабарланған.

Бұл оқиғаның салдарынан 9 адам зардап шегіп, олардың бесеуі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840925-karagandy---nr-sltan-tas-zolynda-birden-8-klik-soktygysty-video/

pixel