RU
Хубэйде коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 52 мыңға жетті

Хубэйде коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 52 мыңға жетті

Рассказать Вконтакте

Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны шамамен 52 мың адамға жетті. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау комитеті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Бүгінде өлімге әкеп соғатын вирус құрбандарының саны да артты. Соңғы ақпараттарға сәйкес, 1 тәулікте 116 адам қайтыс болған деп хабарлайды РИА Новости. Осылайша, дерттен көз жұмғандардың 1426 адамды құрап отыр.

Мамандардың бағалауы бойынша, 24 сағатта провинцияда 5 мыңға жуық науқас ажал құшқан. Осыдан бір күн бұрын сарапшылпар ең көп көрсеткіш- 15 мыңға жуық залалданған адамды тіркеген еді.

Жергілікті билік мұны диагностиканың жаңа әдістерін пайдалана бастаумен байланыстырды.

Айта кетейік, осыған дейін Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралып жатқанын болжады.

11 ақпанда Гонконгтың денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктері вирустың ғимараттағы құбырлар арқылы таралу қаупіне орай, көпқабатты үйдің тұрғындарын ішінара эвакуациялаған.

Мамандар мұндай шешімді ешқашан Уханьға бармаған және науқастармен байланыста болмаған 62 жастағы әйелден пневмония анықталғаннан кейін қабылдаған.

Кейіннен ол әжеймен бірге тұрған туыстары да ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, 218 жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде Қазақстан Республикасының төрт азаматы бар болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel