Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір үйдің балалары туыстарына барып уланды: Бір нәресте қайтыс болды

Опубликовано:

Шымкент қаласында екі жасөспірім мен үш бала белгісіз тағамнан уланып қалды. Соның салдарынан 2019 жылғы нәресте қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Отырар арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ауруханаға 2000, 2002, 2014, 2017 жылы 2019 туған бір отбасының мүшелері жеткізілген.

Басылымның мәліметінше, олардың ең кішісі клиникалық өлім жағдайында ауруханаға түсті. Нәтижесінде нәрестені құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Тағы екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың ағзаларына белгісіз улы зат зиянын тигізді. Балаларға токсикалық шок диагнозы қойылған.

Ал жасөспірімдерге қажетті көмек көрсетіліп, содан кейін оларды дәрігерлер үйлеріне жіберді. Белгілі болғандай, бұл отбасы мүшелері "Солтүстік" ықшам ауданындағы туыстарына барып, уланған.

Арнайы құралдарды қолдану арқылы жасаған мамандардың сараптамасына сәйкес, оқиға орнында улы газ тіркелмеді.

Еске сала кетсек, Алматыда отбасы белгісіз затпен уланды. Алдын ала ақпарат бойынша, уланудан біраз уақыт бұрын әйел үйді жәндіктерге қарсы затпен тазалаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840944-symkentte-bir-jdi-balalary-tuystaryna-baryp-ulandy-bir-nreste-kajtys-boldy/

pixel