RU

1488 адам көз жұмды: Коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты

Telegram logo VKontakte logo

Коронавирус эпидемиясы туралы соңғы мәліметтер пайда болды. Аталған дертті жұқтырғандардың саны әлем бойынша 65 мың адамнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Короновирус көп тараған аймақ Қытай болып табылады. Аспан асты елінде 64 627 адам аталған дертті жұқтырған. Ал Жапонияда жаңа вируспен 250-ге жуық науқас күресуде деп жазады South China Mornin Post басылымы.

Жалпы, Қытайдан басқа өңірде короновирусты 500-ге жуық адам жұқтырған.

Қазіргі уақытта қауіпті дерттен қаза тапқандардың саны 1448 жетті.

Басылымның мәліметінше, жаңа вирус Оңтүстік Америка құрлығынан басқа барлық континенттерде анықталған.

Белгілі болғандай, 6 мыңға жуық адам короновирус дертінен толықтай жазылды.

Ал қауіпті дерттің ошағы болып саналатын Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны шамамен 52 мың адамға жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралып жатқанын болжады.

Ал 218 жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде Қазақстан Республикасының төрт азаматы бар болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
1488 адам көз жұмды: Коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты