Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірге екі аяқсыз келген қазақ баласымен кездескен Модрич әсерлі жазба қалдырды

Опубликовано:

Мадридтік "Реал" мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич өмірге екі аяқсыз келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков кездесіп, бірге доп ойнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/lukamodric10
Видеодан кадр/lukamodric10: Instagram

2018 жылғы "Алтын доп" иегері кездесуден алған әсерін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Әли Тұрғанбековпен кездесу керемет өтті. Өзіңнің бақытқа толы дара жолыңмен әлемді шабыттандыра бер. Футбол - жай ғана ойын емес", - деді мадридтік "Реал" мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич.

Қазақстандық "Ник Вуйчич" атақты футболшыға Instagram желісіндегі парақшасында жауап қайырып, алғысын білдірді.

"Көп рахмет саған, қымбатты досым! Мен өте бақыттымын", - деді Тұрғанбеков.

Лука Модричтің Instagram-дағы жазбасы он сағатта жарты миллионға жуық қаралым жинады.

Пікір білдірушілердің басым бөлігі Хорватия құрамасы мен мадридтік "Реал" футболшысының қарапайымдылығын сөз еткен.

Айта кетейік, Әлидің екі аяғы жоқ. Соған қарамастан ол футболды жақсы көреді. Бұған дейін отандасымыз Лионель Месси, Неймар, Киллиан Мбаппе, Мохамед Салах және Криштиану Роналду сияқты футбол жұлдыздарымен кездескен болатын.

Сондай-ақ, Әли жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен Алматы қаласында доп ойнады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1840953-mirge-eki-aaksyz-kelgen-kazak-balasymen-kezdesken-modric-serli-zazba-kaldyrdy/

pixel