RU
Сағатына 15 мың: Жезөкшелер сайтында тәнін сататын жігіттер де бар болып шықты

Сағатына 15 мың: Жезөкшелер сайтында тәнін сататын жігіттер де бар болып шықты

Рассказать Вконтакте

Бүгінде жезөкшелік дертінің күн санап өршіп бара жатқаны жасырын емес. Әсіресе, оңай олжа табуды жөн көретіндер мұны кәсіпке айналдырып үлгергелі қашан. Ал жезөкшелер сайтында қыздардың ғана емес, жігіттер мен транссексуалдардың да қызметі бар болып шықты. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ Заманаға сілтеме жасап жазады.

Көрнекі фото: ladiesmagazine.ru

Көрнекі фото: ladiesmagazine.ru

Түнгі көбелектердің сайтында теңгеге сатылуға даяр жігіттер жеке-жеке мәлімет ұсыныпты. Жалаңаш мүсінін жұртқа жария қылып, көруге көз шыдамайтын түрлі ұятты фотоларымен қоса бойы, салмағы, ұлты, тұратын қаласы, көрсететін қызметтері туралы да тәптіштеп жазған екен. Телефон нөмірлері де бар. Аталған сайт арқылы жыныстық қызмет көрсетушілерді қай қаладан болса да табуға болады.

Ақысын төлесең, өз қызметін ұсынуға даяр ер-азаматтардың көп бөлігі 21-40 жас аралығындағылар. Әлгі сайтта олар өздерін жақсылап тұрып жарнамалапты. Дей тұрғанмен, бұлардың белгіленген бағалары да әр түрлі екен. Мәселен, Шыңғыс есімді 22 жастағы қазақ жігіті клиентті өз үйінде қабылдаса, сағатына 15 мың теңге, ал шақыртумен баратын болса 20 мың теңге алатынын, сондай-ақ клубтар мен мейрамханаларда кеш бойы бірге уақыт өткізу 50 мың теңге шамасында болатынын жазған.

22 жастағы Мараттың да қызметі үшін алатын ақшасы аз емес. Ол клиенттерге небәрі бір сағат уақытын бөліп, 35 мың мен 50 мың теңге аралығындағы ақыны оп-оңай қалтаға басады екен. Ал онымен сауық кешіне бірге барғысы келетін жандар 250 мың теңгесін қиюы тиіс.

Осы сайттағы өзін Дони деп көрсеткен қазақ жігіті де 26 жаста. Оның қызметі басқалардан едәуір арзан, яғни 1 сағатқа небәрі 5 мың теңге белгілепті. Сол секілді Аслан есімді тағы бір азаматқа клиенттер сауық кешінде бастан-аяқ онымен бірге болу үшін 60  мың теңге, ал интим қызметі үшін сағатына 15 мың теңге төлеуі керек екен.

Айта кетейік, Шымкентте 47 жастағы азамат туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel