Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

47 немере, 36 шөбере, 10 шөпшегі бар: Түлкібаста тұратын жүз жастағы әже туралы білесіз бе

Опубликовано:

Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан елді мекеннің бірінде 100 жасаған Хадия Абдиазизқызы деген әжей тұрады. Кейуана әлі де тың. Көздері жақсы көреді, құлағына да өкпесі жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zamana.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Zamana.kz
Фото: Zamana.kz: Instagram

Ғасыр жасаған әжей Азаттық ауылының жергілік тұрғыны.

Кейуананың ұл-қыздары соңғы уақытта аналарының тым тұйық болып кеткенін айтып, әке-шешесінің өмір жолы туралы қысқаша мағлұмат берді.

"Анамыз бен атамыз жоғары жақтың саясатымен 1944 жылы сонау Кавказдан Қазақстанға еріксіз  көшірілген. Қазақтар  қолынан келген көмегін көрсеткен. Бұлар көп ұзамай аяқтарынан тұрып, өз тіршілік­терін жасай бастайды.

Атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін колхоздың белсенді мүшесі болған. Анамыз да уақытпен санаспай еңбек еткен. Тыл ардагері. Жиырма шақты перзентті өмірге әкелген. Оның он бесін аман-есен өсіріп, бүгінде олардан тараған 47 немере, 36 шөбере, 10 шөпшек сүйіп отырған жайы бар", - деді келіні Тазагүл.

Әжейдің балалары анасының сабырлы мәрт екенін, қонақ келгенін жақсы көретінін білдірді.

"Жақын-жуықтарымен барын бөлісіп жеп, емен-жарқын әңгімелесіп отырғанды жаны қалайды. Бірақ соңғы кездері марқұм шалын сағынып жүр ме, әйтеуір томаға-тұйық болып алды. Жақында Алматыдағы баласына апарған едік, бірер күннен соң: "Үйіме, Түлкі­басыма  қайтамын. Мұнда тұрмаймын" - деген соң қайта әкеліп алдық. Өз үйінде, қара шаңырағында болғанды қалайды", - деді олар.

Ұл-қыздары, келіні кейуананың ұзақ жасауының себебін Құдай берген қуатының арқасы, сабырлылығының және ағзасын үнемі ашықтырып тұруының, артық тамақ ішпей­тіндігімен байланысты екендігін алға тартты.

Хадия Абдиазизқызы жылда тұтатын отын күн оразадан бөлек, аптасына екі мәрте нәпіл оразаны ұстауды әдетке айналдырған көрінеді.

Ұрпақтарының айтуынша, жүз жастағы әжей осы күнге дейін тамақ  талғап, ерекше ем-дом ұстанбапты.

"Үйімізден азын-аулақ мал үзіл­ген емес. Жылда үйіргелік же­ріміздегі бау-бақшаны баптап, отбасының ішіп-жеуіне жетерлік көкөніс, жеміс дақылдарын жинап алу – біз үшін қалыптасқан жағдай", – деп сөзін қорытындылады кейуананың балалары.

Еске сала кетсек, осыған дейін жапониялық 112 жастағы қария әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840964-47-nemere-36-sbere-10-spsegi-bar-tlkibasta-tratyn-zz-zastagy-ze-turaly-bilesiz-be/

pixel