Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жасар баладан жүкті болған он үштегі қыздың оқиғасында жаңа деректер шықты

Опубликовано:

13 жасар қыздың 10 жастағы баладан жүкті болғаны белгілі болған оқиғада жаңа деректер пайда болды. Іске тағы бір жасөсіпірім тартылып, ол баланың нағыз әкесі болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

историяя
10 жастағы Саша мен 13 жастағы Вика. Фото: әлеуметтік желі: UGC

Железногорск қаласындағы төртінші сынып оқушысы Саша (есімдері өзгертіліп алынған) мен жетінші сынып оқушысы Виканың махаббат оқиғасы қыздың жүктілігіне алып келген. Жақында ғана шын мәнісінде баланың әкесі кім екені белгілі болды.

КП-ның хабарлауынша, басылымның дереккөзі 13 жастағы Виканың құрсағындағы баланың әкесі сол мектепте оқитын 15 жастағы жігіт екенін айтқан.

Қазір Степан (есімі өзгертілген) зорлау туралы қылмыстық істе басты күдікті болғандықтан үй қамауында отыр.

Спорт саласындағы жетістіктерімен мектепте танымал тоғызыншы сынып оқушысы тергеуге өтірік айтпай, өз кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, қызды бұрыннан ұнатып жүрген, алайда араларында ешқандай романтикалық қарым-қатынас болмапты.

Виканың айтуынша, бір күні Степан сабақтан шыққан оны аңдып, өзімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, бәріне оның шын мәнісінде қандай қыз екенін айтамын деп қорқытқан. Абыржыған қыз өз-өзін қорғай алмай, келісіпті.

Жасөспірім жігіт ешқандай сақтанбапты. Вика өзінің аяғы ауыр екенін білгенде баланың әкесі Саша деп ойлаған.

Жетінші сынып оқушысының зорлау туралы жазған арызы полицияда жатыр. Ал болашақ кішкентай ана Сашамен түскен суреттерін жариялап, оның берген сыйлықтарымен мақтануын тоқтатқан емес.

Вика 10 жастағы жігітімен бірге баланы өсіріп, екеуінде бәрі жақсы боларына сенімді. Ол бала өмірге келгенде мемлекет төлейтін 500 мың рубльден де (шамамен 3 млн теңге) хабары бар.

Айта кетсек, 13 жастағы қыз 10 жасар баладан жүкті деген жаңалық 2020 жылдың қаңтар айында тараған. Адамдар жасөспірім қыз баланың нағыз әкесін жасырып, бар кінәні 10 жастағы балаға жауып қойған деп топшылаған болатын.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында кәмелет жасына толмаған 248 қыздың жүкті болып қалғаны туралы хабар тараған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840980-10-zasar-baladan-zkti-bolgan-on-stegi-kyzdy-okigasynda-zaa-derekter-sykty/

pixel