Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында үш бала анасымен бірге газдан уланып, көз жұмды

Опубликовано:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан елді мекеннің бірінде бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Соның салдарынан үш бала мен олардың анасы қайтыс болды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Қайғылы жағдай кеше, 13 ақпан күні Батыр ауылындағы Астана-2 көшесіндегі үйде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, жедел-жәрдем қызметіне хабарлама кешкі алтыға жуық келіп түскен.

Ведомство оқиға орнынан үш жедел-жәрдем бригадасы жіберілгенін, оларға "газдан улану" диагнозы қойылғанын мәлімдеді.

"Анасы 39 жаста, балалар 14, 13 және 2 жаста. Өкінішке қарай, жедел-жәрдем қызметі барғанда олардың көз жұмғаны анықталды", - деді дәрігерлер.

43 жастағы ер адам мен мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

"Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы қазір ауыр халде. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған 2011 жылғы ұлының жағдайы тұрақты ауыр, асқынулар жоқ. Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында да болып, Атбасар ауданында өртенген пәтерден 3 адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ, Екібастұзда пәтер өртеніп, 80 жастағы қарт анасы мен 1975 жылы туған баласының мерт болғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840981-magystau-oblysynda-s-bala-anasymen-birge-gazdan-ulanyp-kz-zmdy/

pixel