Выйти
RU

Кенжебек Жанәбілов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана төртінші сәбидің әкесі атанған "МузАрт" әншісі Кенжебек Жанәбілов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды. Өнер иесінің өміріндегі қуанышты сәтінде оның қасынан өнердегі жұлдыздар табылған. Ерлі-зайыптылармен жақын араласатын әртістер олардың жеке құттықтап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Эстрада жұлдызы келіншегі мен ұлын алып кеткен сәтінің үзіндісімен Instagram желісінде бөліскен.

Аталмыш видеодан Кенжебек Жанәбіловтің айтарлықтай толқып тұрғанын көруге болады. Оған қоса, желі қолданушылары әншінің көзіне жас алғанын да байқап қалған.

Жанәбіловтар отбасындағы қуанышқа бір топ өнер жұлдыздары да келіпті.

Олардың арасында Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевтің жарлары, Абай Бегей, Мақсат Базарбаев, Арман Дүйсенов және т.б әртістер бар.

Олар "Музарт" әншісін арнайы құттықтап, оның әйеліне гүл шоқтарын тарту еткен. Төртінші сәбиін дүниеге әкелген келіншек мұндай тосын сыйды мүлдем күтпегенін айтады.

Кенжебектің ұлы мен жарын перзентханадан алып кету шарасы нағыз концертке ұласқан.

Айта кетерлігі, әнші мен келіншегі атұстарына Әліби деген ат қойыпты.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды құттықтап, оларға деген ақ тілегін жарыса жаудыруда.

Айта кетейік, Кенжебек Жанәбілов осымен төртінші мәрте әке атанып отыр. Өнер иесінің одан басқа, үлкен ұлы мен егіз қыздары бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кенжебек Жанәбілов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды