Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты емдеудің жаңа әдісі табылды

Опубликовано:

Қытайлық мамандар COVID-19 коронавирусын емдеудің жаңа әдісін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Дәрігерлер қатерлі вирусқа шалдыққан адамдарға плазма құю әдісін қолдана бастады. Олар аурудан арылған кейбір адамдардың плазмасында коронавируспен күресуге қауқарлы қарсы денелер (антитела) табылғанын атап өтті.

Жаңа әдіс тиімді болып шықты. Бұл туралы Ухань ауруханасының басшысы Чжан Динюй баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлады Синьхуа агенттігі жергілікті дәрігерлерге сілтеме жасап.

Сндай-ақ Global Times басылымы аталған әдістің көмегімен хәл үстінде жатқан он науқастың емделіп үлгергенін жазды.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом коронавирустың жаңа түріне ресми атау берілгенін мәлім етті.

Соңғы деректерге қарағанда, қатерлі вирустан қаза тапқандардың саны 1448 адамға жеткен. Ал ауруды жұқтырғандардың саны әлем бойынша 65 мыңнан асты.

Айта кетейік, осыған дейін Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралып жатқанын болжады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840987-koronavirusty-emdeudi-zaa-disi-tabyldy/

pixel