Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірқатар өңірде қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары ауысты

Опубликовано:

Қазақстанның бес облысы мен Алматы қаласында қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Polisia.kz
Көрнекі фото: Polisia.kz: Facebook

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды.

  • Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Шамишев Алмас Әбжанұлы;
  • Алматы облысы бойынша – әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;
  • Алматы қаласы бойынша – әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;
  • Қарағанды облысы бойынша – әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ахметжанов Рустан Серікұлы.

Айта кетейік, тағайындалған басшылар бұрын облыстардағы ҚАЖД басшы лауазымдарын атқарған, пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибелері бар.

Еске сала кетсек, жақында ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып Жанат Болатұлы Ешмағамбетов тағайындалды. Ол 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840997-birkatar-irde-kylmystyk-atkaru-zjesi-departamentterini-bassylary-auysty/

pixel