RU
Ешқашан қартаймайтын 43 жастағы әйел сұлулығының құпиясын ашты

Ешқашан қартаймайтын 43 жастағы әйел сұлулығының құпиясын ашты

Рассказать Вконтакте

43 жастағы Йолин Диастың 19 жастағы қызын сіңлісімен шатастырып алатындар көп. Әлеуметтік желі қолданушылары Йолиннің өз қатарластарынан әлдеқайда жас көрінетініне тамсанып, қыздар қауымы оның ерекше дене бітімін қызғанып жатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ешқашан қартаймайтын 43 жастағы әйел сұлулығының құпиясын ашты

Фото: instagram.com/joleendiaz

Желідегілердің көпшілігі келіншекті әлемдегі "ең сексауалды ана" деп мойындап отыр. Қыздар қауымы одан сұлулығының сырын сұрап, барлық жақсы сөздерін жаудырады.

Диастың айтуынша, ол үнемі белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанады. Сондай-ақ жеген тамағына аса мән береді. New York Post жазуынша, келіншек алкогольді сусындарды анда-санда ғана ішеді.

Одан бөлек Йолин жасөспірім кезінен терісіне ерекше күтім жасайды екен. Ол бала күнінде анасынан жасырып косметика мен кремдер қолданған.

Сондай-ақ ол далада ауа райы қандай болып тұрса да, күннен қорғайтын кремді күнделікті пайдаланады.

Сонымен бірге Диас құрамында А витамині бар қартаюға қарсы өнімдерді қолданады. Йолин қызымен өте жақсы қарым-қатынаста. Тіпті 19 жастағы қызы анасы екеуін апалы-сіңлілі деп қабылдаса да ренжімейтін көрінеді.

Еске сала кетсек, жас қыздай көрінетін 63 жастағы Тайвань актрисасы қартаймауының құпиясымен бөліскен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel