Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Арнольд Шварценеггерден дәріс алып жүр (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева әйгілі актер Арнольд Шварцнеггерден дәріс алып жүр. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ журналистің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Facebook/ Гүлмира Дайрабаева
Фото: Facebook/ Гүлмира Дайрабаева: Depositphotos

Тележүргізуші әлемге танымал актердің дәріс оқитыны жайлы мақтанышпен жазды. Ол, тіпті, аңыз адаммен суретке де түсіп үлгеріпті.

"Барлығына әйгілі терминатор Арнольд Шварцнеггер менің кафедрамның профессоры. Бүгін оның дәрісі болды. Амандастым. Арни маған жақсы күн тіледі, ал мен суретке түсуді ұйғардым. Аңыз ғой... Жасы 72- де. Терминатор, бұрынғы губернатор , қазір менің профессорым. Өмір қызық, арманым орындалсын",- деді Дайрабаева өз парақшасында.

Айта кетейік, Өзбекстанның белгілі әртісі Юлдуз Усманова қызының альбомының тұсаукесеріне арналған концерттен баласы жылаған келіншекті қуып жіберді.

Оқиға Нилуфар Усманованың өнер көрсетіп жатқан сәтінде болған. Әртістің қызы халық алдында жаңа альбомын таныстырып жатқан.

Central Asia басылымының хабарлауынша, Усмановаларға меймандар арасындағы келіншектің баласы жылағаны ұнамай қалады. Сондықтан, халық әртісі қызының нөмірін тоқтатып, келіншектен залдан шығып кетуді сұрайды.

Басылым мәліметінше, Усманова өзбек тілінде баланың көп уақыт бойы жүйкесіне тигенін айтыпты.

Бұл жағдайды залда отырған көрермендердің бірі таспалап алған екен. Желіде тараған видеодағы әншінің әрекетіне теріс пікірлер жаудыруда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840999-kazakstandyk-telezrgizusi-arnold-svarceneggerden-dris-alyp-zr-foto/

pixel