Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Смағұл өзінің Қордай туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Қордайдағы жағдайға байланысты 10 мәселені көтерген еді. Соның ішінде "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейді" деген сөзін Қорғаныс министрлігі теріске шығарды. Енді депутат дүнгендерге қатысты мәлімдемені жергілікті халықтың сөзіне сүйеніп жасағанын, оның жүз пайыз дұрыс болмауы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

смағұл
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Facebook

Смағұлдың айтуынша, ол жергілікті тұрғын Әбдібек Сейілханов есімді ауыл ақсақалының сөзіне сүйеніпті.

Ол кісі "дүнгендер сауда, егінмен айналысады, әскерге бармайды" деп айтқан.

"Біз осы мәлімдемеге сүйендік. Сол кезде Жамбыл облысынан көктемде 13 адам, күзде 22 адамның әскерге шақырылғаны туралы ақпарат алдым. Ал бұл деректің анық-қанығын қорғаныс ведомствосы қазір беріп жатыр", - деді депутат.

Бақытбек Смағұл әскерге шақыратын арнайы органдарға барып, оқиғаның мән-жайын сұраған.

Ол жердегілер дүнген ұлтының өкілдері әскерге бармау үшін сылтау ойлап табатынын айтып шағымданыпты.

Оның айтуынша, өзі көтерген 10 мәселе – сол жердегі халықтың айтып, баяндап берген мәселелері. Ол жүз пайыз дұрыс болмауы да мүмкін.  

"Менің айтқанымның барлығы 100 пайыз дұрыс деген сөз емес. Бұл жығылғанға жұдырық болып, жараны тырнау емес, керісінше уақытында емдеу. Олар шекарада тұрған азаматтар.
Шекараны даумен емес таумен, таспен емес доспен қоршаған халықпыз. Арасында оның тау өлсе де жау өлмеуі керек. Дау болмауы керек. Сондықтан осы айтылған мәселелерге көңіл бөлінуі керек", - деді депутат.

Бақытбек Смағұлдың сөзіншеа, осы мәселелер көтерілген соң айтылған әр салада дүмпу болып, оң өзгерістер болып жатыр.

"Мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Бердібек Сапарбаев тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтты. Өртенген үйлерге, қайтыс болған кісілердің отбасына көмек беру жайы қолға алынды. Бұл дүнген үшін ғана емес қазақ үшін керек. Қазаққа дүнгеннің аман болғаны керек. Олар қазақ елінің бір бөлшегі. Талай теперіш, қиындық, қудалау көрген халық. Оны опасыз, жерін сатып кетті деп айтуға болмайды", - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қорғаныс министрлігі депутат Бақытбек Смағұлдың "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейді" деген сөзін жоққа шығарып, әскер қатарында 40-қа жуық дүнген азаматы барын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841014-bakytbek-smagl-kordaj-turaly-mlimdemesine-katysty-zauap-berdi/

pixel