Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақта орындығын шалқайта берген әйел адам жолушының ашуына тиді

Опубликовано:

АҚШ-тың American Airlines әуекомпаниясының жолаушысы өзі отырған орындықтың арқасын төмен түсіріп, артқы қатарда отырған жолаушыны ашуландырып алған. Ал әйел адам өзінен өш алмақ болған ер адамның іс-әрекетін видеоға түсіріп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Алдында отырған әйелге шүйліккен ұшақ жолаушысының ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
Фото: pixabay.com: UGC

Ғаламторда тараған видеода Венди Уильямс есімді жолаушы Жаңа Орлеаннан Шарлотт қаласына бағыт алған лайнердің соңғы қатарларының бірінде отырған. Ал оның артында отырған жолаушы орындығын шалқайтқан әйел адамның артынан ұра бастаған.

Уильямстің сөзінше, ол бірінші рет орындықты артқа итерген кезде жолаушы әйелден тамақтанып алғанша, олай етпеуін сұраған. Келіншек өз кезегінде ер адамның сөзімен келіскен, алайда жолаушы түскі асын ішіп болған соң әйел адам қайта орындықты итеріпті.

Бұл ер адамның ызасына тисе керек, ол әйел адам отырған орындықты жұдырығымен тоғыз рет ұрған.

Жолаушының өш алып жатқан видеосы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Желі қолданушыларының пікірі екі тарапқа бөлінді. Бірі ер адам өзін дөрекі ұстады десе, енді бірі оған жанашырлықпен қарады.

"Мен әйелдің орнында болсам, тұрып, бұл орын үшін ақша төлегенімді айтып, қолын сермей бермеуін талап етер едім", "Әуе компанияның қызметкерлері жолаушы әйелге еш көмек көрсетпегеніне таңданып отырмын", "Орындықтың артын шалқайтып қойып, өзгелердің жағдайын еш ойламайтын жолаушыларды суқаным сүймейді", "Мына әйел ер адам оның қалауымен санаспады деп шүйлігіп отыр, ал өзі не істеп отыр сонда?", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, қону кезінде төтенше жағдайға тап болған жолаушының ұшақта айқайға басқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841015-saktagy-jel-adam-men-er-adamny-teketiresi-videoga-tsip-kaldy/

pixel