RU
Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында тағы жол апаты болып, екі адам ажал құшты (фото, видео)

Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында тағы жол апаты болып, екі адам ажал құшты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

14 ақпанда Қарағанды Нұр-Сұлтан тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, соның салдарынан екі адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz, видеодан кадр

Фото: polisia.kz, видеодан кадр

Қайғылы жағдай шамамен 10:20 шамасында болған.

Алдын ала болжам бойынша, 31 жастағы "Foton" көлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, кенеттен оң жолақтан сол жолаққа ауысып, 46 және 54 жастағы жүргізушілер басқарған "Volvo" мен "DAF" жүк көліктерінің арасына кіріп кеткен.

Салдарынан оған "DAF" жүк көлігі соқтығысып, алда келе жатқан "Volvo"-ға қысып қалған.

Өкінішке орай "Foton" көлігінің жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін 13 ақпанда Қарағанды- Нұр-Сұлтан тас жолында ірі жол апат болып, көктайғақ пен боранның салдарынан бірден 8 көлік соқтығысқанын хабарлаған едік.

Осыған ұқсас жағдай Алматыда да тіркелген болатын. Оңтүстік астанада бір мезетте сегіз көлік соқтығысып, жаппай жол апаты болған еді.

Болжам бойынша жол-көлік оқиғасына өзін рөлде жайсыз сезінген жүргізуші себеп болған көрінеді.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан "Самара - Шымкент" тас жолында 11 көліктің соқтығысқаны хабарланған.

Бұл оқиғаның салдарынан 9 адам зардап шегіп, олардың бесеуі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel