RU

Оралда оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оралда ер адам оқушы қыздың артынан пәтердің подъездіне дейін барып, оған тиіспек болған. Алайда күдіктіні баланың айқайынан жүгіріп шыққан тұрғындар ұстап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Уральская неделяға сілтеме жасап.

оралаа

Видеодан кадр

Балаға шабуылдау әрекеті подъезге орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған. Видеода қолына пакет ұстаған ер адамның оқушы қыздың артынан қалмай, подъездге дейін жүріп келгені анық көрінеді.

Видео әлеуметтік желіде "Жалоба Уральск" парақшасында жарияланған. Автордың айтуынша, подъездге кірген ер адам оқушы қызға бірден бас салған. Алайда баланың айқайын естіген көршілер жүгіріп шығып, қызды арашалап қалған.

БҚО полиция департаменті оқушыға шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты растаған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібековтың айтуынша, ер адам оқушыға зорлық көрсетпек болған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Еске сала кетсек, осыған дейін оңтүстік астанада болжам бойынша қолына пышақ ұстаған ер адам 12 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Абырой болғанда, жасөспірім қыз қашып құтылған.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері 1969 жылы туған күдіктіні қолға түсірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралда оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды (видео)
Mailfire view pixel