Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Энрике Иглесиас үшінші рет әке атанғанын растады (фото)

Опубликовано:

Әйгілі әнші Энрике Иглесиас пен жары Анна Курникова үшінші мәрте ата-ана атанғандарын растады. Олар желіде жаңа туған балаларының суретімен бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

енриек
Фото: instagram.com/annakournikova / instagram.com/enriqueiglesias: Facebook

Бұрынғы ресейлік теннисші Анна Курникова мен испаниялық әнші Энрике Иглесиас нәрестелерінің суретімен Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Қос ғашық фотоның астына екеуі бірдей "Менің күнім" деп жазба қалдырған. Сондай-ақ сәбидің өмірге келген күні - 2020 жылдың 30 қаңтары деп көрсетілген. Әзірге баланың ұл не қыз екені белгісіз.

Олардың жазбасын көрген оқырмандары тек жылы лебіздерін білдіріп, қуаныштарын жасыра алмаған.

"Анечка, шын жүректен құттықтаймын", "Құттықтаймын", "Жарайсың", - десті оқырмандар.

Айта кетсек, спортшы мен әншінің 2017 жылы өмірге келген егіз ұлы мен қызы бар. Жұлдызды жұптар үшінші рет балалы болғандарын жасырып баққанымен Энрикенің інісі Хулио жеңгесінің босанғанын хабарлаған.

10 ақпан күні ол чилилік ADN радиостанциясына сұхбат беріп, отбасы тағы бір жанмен толыққанын жеткізген. Жүргізуші оған тың мәліметтермен бөлісуін сұрағанда, ағасы мен жұбайы бұл жайтты жария еткісі келмейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иглесиас пен Курникованың үшінші рет балалы болғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841038-jgili-enrike-iglesias-sinsi-ret-ke-atanganyn-rastady-foto/

pixel