RU

Немересін қолдауға келген әжейдің басына доп тиіп, көз жұмды

Telegram logo VKontakte logo

Ұлыбританиядағы Тонтон қаласында немересін регби ойынына қолдауға келген әжей басына доп тиіп, қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Немересін регби ойынында қолдауға келген әжейдің басына доп тиіп, қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

12 қаңтарда Торонто қаласы, Сомерсет графтығында регби ойыны кезінде қайғылы жағдай орын алды.

69 жастағы Дженнифер Селвуд немересі Эллистің жасөспірімдер командасының құрамында регби ойнап жатқан сәтін трибунадан бақылап тұрған. Үйіне қайтқалы жатқан ол спортшы немересіне тағы бес минут отырамын деп уәде берген. Дәл осы кезде ойыншылардың бірі допты теуіп, ол Селвудтың басына тиген.

Алған соққыдан қарт кісі құлап қалған. Адамдар оған көмекке ұмтылып, дереу дәрігерлерді шақырған. Ақ халаттылар Селвудтың миы шайқалған деп оны дереу қалалық ауруханаға жеткізіпті.

Кейінірек жағдайы ауыр болған соң оны Бристоль қаласындағы басқа ауруханаға ауыстырған. Алайда екі апта бойы комада жатқан Селвуд әжей 25 қаңтарда қайтыс болды.

Тергеу барысында өлімнің себебі қанның айналуына кедергі келтіретін қайталама апластикалық анемия мен бас миының қатты зақымдануында екені хабарланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Францияда дәрігерлердің басына жебе кіріп кеткен ер адамды аман алып қалғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Немересін қолдауға келген әжейдің басына доп тиіп, көз жұмды