RU
"Таңғы бесте тұрмаймын": Тәуекелдің жары келіндік қызметін қалай атқарып жүр

"Таңғы бесте тұрмаймын": Тәуекелдің жары келіндік қызметін қалай атқарып жүр

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілімнің жары бүгінгі күні келіндік қызметіне қызу кірісіп кеткен. Қазақстандағы сымбатты жігіттердің біріне тұрмысқа шыққан Махаббат Мүсілім отбасылық өміріне қатысты бар шындықти айтты. Белгілі актердің жүрегін жаулаған ару үйінде орамал тартып жүргенімен, өзге келіндер іспетті таңғы бесте тұрмайтынын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ goodhouse.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/goodhouse.kz/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/goodhouse.kz/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тәуекелдің жары жаңа отбасы туралы айтып, енесімен қарым-қатынасына да тоқтала кетті. Ол бастапқыда енесіне "анашым" деп айтуға ыңғайсызданғанын жеткізді.

"Шын мәнінде Тәуекелдің отбасы өте жақсы. Мен дәл осы жанұяға келін болғаныма аса қуаныштымын. Мен оның анасымен де, тәтесімен де бірден тіл табысып кеттім. Ал келіндік қызметіне қатысты айтатын болсам, мен таңғы бесте тұрмаймын. Бірақ, үйде үнемі орамал тартып жүремін. Меніңше, онда тұрған ештене жоқ. Мен өз анаммен аса тығыз байланыстамын. Сол себепті, өзге адамды "ана" деп атау маған қиындау болды. Сосын, бір-екі рет айтып, кейін үйреніп кеттім" , - деді Махаббат.

Тәуекел мен Махаббаттың бірге берген алғашқы сұхбатын төмендегі видеодан көре аласыздар.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім қашан әке атанғысы келетінін айтқан болатын. Актер жары екеуі әлі балалы болуға асығыс емес екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel