Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұдан былай уақытша жеке куәліктер берілмейді

Опубликовано:

Алматы көші-қон қызметі құжаттарды, соның ішінде жеке куәліктерді берумен, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балалармен бірге шетелге шығу ережелеріне енген кейбір өзгерістер туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

удасто
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Жаңадан енген өзгерістер туралы Алматы Полиция департаменті мегаполистің көш-қон қызметіне сілтеме жасап хабардар етті.

Сонымен, өткен жылдың қарашасында қабылданған жаңа заңға сәйкес, енді қазақстандықтар жеке куәлігін жоғалтып алған жағдайда уақытша құжат ала алмайды. Полицияның хабарлауынша, оларға бірден стандартты куәлік беріледі.

Одан бөлек, елден шығар кезде 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін ата-анасының төлқұжатына қою тәжірибесінен бас тарту туралы шешім қабылданған. Балалар туралы деректер де ата-анасының төлқұжатына жазылмайды.

Мегаполистің көші-қон полициясы департаменті мұндай шаралар жұмыс процесін жеңілдетеді және қазақстандықтардың мемлекеттік қызмет алуы оңай болады деп санайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы жылдың сәуір айынан бастап жұмысқа тұру үшін 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейтіні хабарланған. Анықтаманың бұл түрі электрондық форматқа ауыстырылмақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841059-kazakstanda-bdan-bylaj-uakytsa-zeke-kulikter-berilmejdi/

pixel