Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирус жұқтырған ең қарт әжей жазылып шықты

Опубликовано:

Қытайдың Чжецзян провинциясында коронавирус жұқтырған 96 жастағы әжей сауығып, жұма күні ауруханадан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қытайда коронавирусты жұқтырған ең қарт науқас емделіп шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Анықталғандай, әжей Чжецзян провинциясында қауіпті вирусты жұқтырған ең қарт адам болып шыққан деп хабарлайды CGNT телеарнасы.

"Коронавирусты жұқтырған 96 жастағы науқас Чжецзян университетінің медициналық колледж маңындағы ауруханадан шығарылды. Ол Қытайдың шығысындағы Чжецзян провинциясында коронавирусты жұқтырған ең қарт науқас", - делінген телеарна хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таиландта коронавирус жұқтырған 72 жастағы әжейдің дәрі-дәрмексіз жазылып шыққанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай оның ағзасы қауіпті вируспен өзі күрескен.

Соңғы деректерге қарағанда, жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 1448 адамға жеткен. Ал ауруды жұқтырғандардың саны әлем бойынша 65 мыңнан асқан.

Айта кетейік, осыған дейін Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы жұғуы мүмкін екенін болжаған болатын.

Бұған Уханьға бармаған және науқастармен байланыста болмаған 62 жастағы әжей мен оның көршісінен аталмыш пневмонияның анықталуы себеп болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1841074-kytajda-koronavirusty-zktyrgan-e-kart-naukas-emdelip-sykty/

pixel