Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамалғандағы пойыз апаты: зардап шеккен балалар мүгедек болып қалды

Опубликовано:

15 қыркүйекте Алматы маңындағы Шамалған өткелінде орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 9 жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында әйел және оның 2 баласы болды. Олардың барлығы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіден алынған

Жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушы көлігі салонында болған барлық жолаушылар автобустан шығып, аман қалды.

Соқтығысу салдарының құрбаны болған 2 адамның бірі - салонда қалған жолаушылар көлігінің жүргізушісі.

Сондай-ақ, 2 кішкентай баласы бар әйел де автобустан шыға алмай қалған. Олардың барлығы ауыр жарақат алды.

3 және 5 жастағы балалараурухана төсегіне жатқызылды. Бастапқыда балалардың жағдайы ауыр деп бағаланды. Зардап шеккен қыздардың бірі біраз уақыт комада болды.

Tengrinews.kz басылымында қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның құрбаны болған Эльмира Жаныбекова сотта өз мүддесін қорғап жатқандығы айтылады. Әйелдің айтуынш.а, ҚТЖ мен «Қаскелең Автопарк» ЖШС оған моральдық шығыны үшін өтемақысын төлеуі керек, оның пікірінше, ол 40 миллион теңгені құрайды.

Сотта екі баланың анасының адвокаты жәбірленушінің екі қызы да мүгедек болып қалғанын айтты. Эльмираның да денсаулығы нашарлағанына байланысты, жұмыс істей алмайды. Әйелі мен балаларына қамқорлық жасау үшін қызметін тастап кетуге мәжбүр болған күйеуі де жұмыссыз қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841101-samalgandagy-pojyz-apaty-zardap-sekken-balalar-mgedek-bop-kaldy/

pixel