Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр

Опубликовано:

Бірнеше күн бұрын Жапонияда 200-ден аса жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде төрт отандасымыздың бар екені белгілі болды. Әзірге олар ешқайда шығарылмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Diamond Princess. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images
Diamond Princess. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images: UGC

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта жерлестерімізге карантинді зонада қалу керек.

Ведомство олардың денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Кемеде қалған төрт қазақстандықтың ешқайсысы өзін нашар сезінбеген. Қауіпті вирус белгілері анықталған жоқ.

Карантин 2020 жылдың 19 ақпанында аяқталады. Алайда 80 жастан асқан 11 адам лайнерден жіберілді. Олар борттан кетпес бұрын тиісті медициналық тексерістен өтті. Коронавирус анықталған жоқ.

Дереккөз: КТК

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің азаматтары бар.

Қазіргі уақытта 3,7 мың адам карантинге жатқызылған.

Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218- ді құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841109-zaponiada-kornonavirus-taragan-kruizdi-lajnerden-trt-kazakstandyk-syga-almajdy/

pixel