RU
БҚО тұрғыны атыраулықтарды интернет арқылы 15 мәрте алдаған

БҚО тұрғыны атыраулықтарды интернет арқылы 15 мәрте алдаған

Рассказать Вконтакте

Атырауда алаяқтар жасайтын қылмыстық әрекеттер азаяр емес. Өңір тұрғындары әсіресе, интернет желісіндегі алаяқтарға жиі алданады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: segodnya.ua

Көрнекі фото: segodnya.ua

Облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиевтің айтуынша, алаяқтардың қатысуымен 1215 қылмыс тіркелген. Соның ішінде интернет желісімен 452 қылмыс жасалған.

"Алаяқтық қылмысты өзге өңірден келгендер де жасайды. Мәселен, былтыр жедел іздестіру барысында ұсталған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны атыраулықтарды әлеуметтік желі арқылы 15 рет алдаған. Сондай-ақ, алаяқтардың қатарында Алматы мен Маңғыстау облысының тұрғындары да бар. Ал, Атыраудан 4 алаяқ ұсталды" -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, Қазақстанда Бас прокуратураның мәліметтер базасынан ақау табылды. Мұндай мәлімдемені кибершабуылды талдау және тергеу орталығы жасады. Онда бұл мәселе бірнеше ай бұрын белгілі болғаны, бірақ әлі шешімін таппағаны айтылды.

Ведомстваның ақпараты бойынша, бұндай заң бұзушылықтар анықтаған уақытта орталық мамандары әрдайым Бас прокуратураға жүгінеді.

Алайда, бұл жолы бақылаушы органның өзінде деректердің ақауы орын алды.

"Бұл жолы біз ерекше бір мәселеге тап болдық. Бірнеше айдан бері деректердің жайылуы Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінен туындады. Орган біз жіберген ақпаратқа қатаң жауап бермейді. Басшылық түзетулер туралы хабарлануы мүмкін, бірақ іс жүзінде ештеңе өзгермейді. Сонымен қатар, шабуылдаушылардың коммерцияландыру және басқа тараптарға беру мақсатында белсенді түрде деректерді жинау фактілері бар", - делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel