Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Опубликовано:

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 7news.kz
Фото: 7news.kz: Getty Images
"Құрметті ақмолалықтар! Мен үшін туғандай болып кеткен Ақмола облысының өсіп-өркендеуіне сіздермен бірге 3 жылға жуық қызмет ету үлкен мәртебе болды. Қызмет бабымда халықпен ашық болуға тырыстым, бірлескен жұмыс нәтижесінде біз көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткіздік.
Сондай-ақ, киелі Көкше жерінде біраз адамдармен достастым. Бірге қызмет еткен барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін!. Барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жаңа жауапты қызметте қолдануға тырысамын. Ел және Ақмола облысы басшылығына көрсетілген сенім үшін үлкен рахметімді айтамын!" ,-деп жазды М.Иғалиев.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 17 тамызында Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары етіп тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Тараз соты Жамбыл облысы әкімі аппаратының арнайы базасының жетекшісіне үкім шығарды. Оған кәсіпкерден алаяқтық жолмен ақша алғаны үшін 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841122-akmola-oblysy-kimini-orynbasary-kyzmetinen-ketti/

pixel