RU
Президенттің Мюнхенге жұмыс сапарының видеосы жарияланды

Президенттің Мюнхенге жұмыс сапарының видеосы жарияланды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жұмыс сапарына видеошолу жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхенге жұмыс сапарының бірінші күні жемісті өтті.

"Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты", - деп мәлім етті Берік Уәли.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты.

Мұнымен қоса, Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездесті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel