RU

Қазақстан халқының саны 18 млн 630 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: kstnews.kz

Көрнекі фото: kstnews.kz

18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% - қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады. Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін немесе 51,5% әйелдер құрайды.

2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан - Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Жапонияда 200-ден аса жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде төрт отандасымыздың бар екені белгілі болды. Әзірге олар ешқайда шығарылмайды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта жерлестерімізге карантинді зонада қалу керек.

Ведомство олардың денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Кемеде қалған төрт қазақстандықтың ешқайсысы өзін нашар сезінбеген. Қауіпті вирус белгілері анықталған жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан халқының саны 18 млн 630 мыңнан асты
Mailfire view pixel