Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Almaty Towers бизнес орталығын 300- ден аса адам тастап шығуға мәжбүр болды (фото, видео)

Опубликовано:

Almaty Towers бизнес орталығында қызметкерлер мен келушілерге төтенше жағдай туралы хабарландыру жүйесі белгі берді. Оқиға орнына Алматы қаласы бойынша ТЖД қызметкерлері аттанды. Нәтижесінде ғимаратта түтін пайда болғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Максим Андрейченко
Фото: NUR.KZ/Максим Андрейченко: Original

Оңтүстік астана төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінде хабарлағандай, оқиға орнына ведомство күштері мен құралдары келіп жетті.

Нәтижесінде құтқарушылар Cinema Towers кинотеатры жанындағы асханалық бөлмеде түтін пайда болғанын анықтады. Өрт тіркелген жоқ.

Ал орталыққа келушілер бір-бірімен эвакуация уақытында түсірілген суреттермен бөлісуде.

Фото: NUR.KZ/Максим Андрейченко, Алматы ТЖД
Фото: NUR.KZ/Максим Андрейченко, Алматы ТЖД: UGC
"Сағат 11:54-те 112 пультіне Байзақов көшесі, 280 мекенжайындағы "Алматы Тауэрс" бизнес орталығының әкімшілігінен түтін туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жткен соң "Хот Бургер" асханалық бөлмесіндегі қуырма ыдыста май жанып жатқаны анықталды. Өрт тараған жоқ. Ғимараттан шамамен 350 адам сыртқа шықты. Объектіде өрт сөндірудің автоматтық жүйесі іске қосылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ",- деді Алматы ТЖД.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841131-almaty-towers-gimaratynan-350-adam-evakuacialandy-foto-video/

pixel