RU
39 үй мен 47 көлік жанған: Қордайдағы жанжал бойынша нақты сандар белгілі болды

39 үй мен 47 көлік жанған: Қордайдағы жанжал бойынша нақты сандар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы төтенше жағдай салдарын жою мәселесі жөнінде жиын өткізді. Отырыс барысында тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен адамдар мен мүліктердің нақты саны аталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Аудандағы тәртіпсіздіктен кейін 185 адамға медициналық көмек қажет болған, оның ішінде 34-і ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдай салдарынан 20 коммерциялық нысан, 39 тұрғын үй мен 47 автокөлік жанып кетті.

Өңір басшысының баспасөз қызметінде хабарланғандай, 7 ақпаннан 13 ақпанға дейін бір аптаның ішінде Қырғызстанға 23 131 адам кетіп қалған. Ал оралғандар саны екі мың адамға аз.

Тәртіпсіздіктің салдарын жою үшін 250 адам мен 53 техника бірлігі тартылды. Қазіргі уақытта 680 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды.

Билік азаматтарға төтенше жағдай барысында жоғалтқан құжаттарын қайта қалпына келтіру үшін мобильді ХҚКО құрды, ол Сортөбедегі атқарушы органның ғимаратында жұмыс істеуде.

Гуманитарлық көмек аясында 778 зардап шеккен азаматтарға тамақ пен басқа қажетті заттар қамтамасыз етілді.

Қазір аудандағы жағдай тұрақты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқаратын Дәурен Абаев 11 адам қайтыс болған Қордай оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel