RU

Ақтөбеде жол апатына түскен автобустағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жолаушылары бар автобус пен такси қызметінің көлігі соқтығысып, 26 адам зардап шекті. Олардың 19-ы әйел. Полиция жол апатына түскендердің қазіргі жағдайы жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Өңір полициясы департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, зардап шеккендердің барлығы қалалық ауруханаға жеткізілген. Нәтижесінде тек екі адам ғана ауруханада қалды. Қалғандары медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.

Мәлім болғандай, Ғ.Жұбанова мен Ө.Сейітов көшесінің қиылысында такси қызметіне тиесілі "Volkswagen Polo" көлігі мен №37 бағыттағы "ПАЗ" автобусы соғылды. Салдарынан жолаушылар көлігі аударылып, онда болған 26 адам (19 әйел, 7 ер адам) медициналық бригадалар мен патрульдік полицейлердің көмегімен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханаларына жеткізілді.

"Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден көктайғақ кезінде жолда аса сақ болуға шақырады. Жылдамдық режімін қатаң сақтап, ара-қашықтықты ұстану қажет. Сондай-ақ, жол ережелерін сақтауға, негізсіз маневрлер жасамауға және кенеттен тоқтамауға кеңес береді", - делінген ақпаратта.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде жол апатына түскен автобустағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды
Mailfire view pixel